Бұл баға валютамен болжалды берілген, сіз теңгемен төлейтін боласыз. Төлем күні валюта бағамы басқаша болуы мүмкін.

×
Slice 1 Created with Sketch.

Тауар қоржынға салу. қосылған

Бұл баға рубльмен болжалды берілген, сіз теңгемен төлейтін боласыз. Төлем күні валюта бағамы басқаша болуы мүмкін.

×

Біздің өнімдер туралы пікірлер

16 ноября 2020

21 октября 2020

21 октября 2020

21 октября 2020

21 октября 2020

21 октября 2020

Айдана

21 октября 2020

Қуанышымда шек жоқ! Мен адал компаниядан зиянсыз, спиртсіз және теріге зиян келтірмейтін антисептикті ұзақ уақыт бойы іздедім. Algos-тың антисептигін (және дезинфекторын!) көргенде таңғалғаным бар. Қанша айтқанмен бұл мен сенетін аты бар бренд. Ойланбастан сатып алдым. Өкінбедім! Одан кейін қолдарым шын мәнінде таза және осы жағымды тазалық сезімі ұзақ уақыт бойы сақталады. Күнделікті пайдаланатын телефон, әмиян, көзілдірік және басқа да заттардың 100-ге дейін залалсыздандырылғанын және қауіпсіз екенін білген өте жақсы. Algos-тың "Таза қолдар" антисептигін әлі пайдаланып көрмегендерге оны көруге, қалғандарына одан әрі пайдалануға кеңес беремін. Одан жақсысын таба алмайсыз!

Асель

21 октября 2020

Сіз уытты химиялық заттың қолыңыздың терісін жеп қоятынын білесіз бе? Мен үйдің алдындағы дүкеннен белгісіз арзан антисептик сатып алған кезде мұны жақсы сезгенім сонша, жедел жәрдем шақыруға тура келді. Бақытыма орай, қолдарым жазылып кетті. Содан бері бірнеше ай өтті, бірақ мен бұл сабақты өмір бойына меңгердім, тақырыпты терең зерделедім, енді сатып алар алдында теріме қатысты барлық нәрселердің құрамын көріп аламын. Менің қатаң іріктеуімнен әлі Algos-тың "Таза қолдарынан" басқа ешбір үміткер өткен жоқ. Құрамында Дидецил Диметил Аммоний Хлориді медициналық мекемелерде заттар мен беттерді қауіпсіз дезинфекциялау үшін бүкіл әлемде пайдаланылады, Полигексаметиленгуанидин гидрохлорид болса, теріге қолданылады. Олардың "Таза қолдардағы" ара-қатынасы қауіпсіз. Мен мұны жазып отырған себебім, тура және ауыспалы мағынада күйіп қалдым, және мұны басқа біреудің бастан кешіргенін қаламаймын. Мен нарықта осындай сапалы әрі қауіпсіз өнім пайда болғанына қуаныштымын!

Меруерт

24 сентября 2020

Осы коронавирустың кесірінен дәріханаларда нағыз аласапыран басталды, сөрелер мен интернет-дүкендерде мүлдем түрлі баға санаттарында және әр түрлі өндірушілер ұсынған сан алуан антисептиктер мен дезинфекторлар пайда болды, бастапқыда қайсысын аларын білмедік. Кейін жаңалықтардан адамдардың өздеріне сапасы төмен уытты антисептиктердің зиян келтіріп жатқаны туралы хабарлар естіле бастады және оны пайдалануға болмайтыны түсінікті болды. Сүйікті Algos-тың ассортиментінде бір сауыттағы қол антисептигін және дезинфекторды көргенде бірден алмақшы болдып. Бұл арман! Мен сенетін компания менің мәселемді сапалы әрі қауіпсіз құралмен шешті. Енді менде әрдайым "Таза қолдар" бар:)

@fridavinshel

21 ноября 2019

Сенің денсаулығың - таза ауа, су және тамақ. Таңертең қуанышпен тұрып, күлімсіреп ұйықтаңыз. Сен қуанасың, күлімсіресің - демек, сен саусың. Ауруды емес, өз өміріңді емде. Табиғат, сана заңдары бойынша тіршілік ет. Денсаулық болмаса, даналық үнсіз, өнерді өркендету мүмкін емес, байлықтың пайдасы жоқ, күш-қуатын болмайды және ақыл-ойын елеусіз. ⠀ Геродот ⠀ Геродот ақылды нәрсе айтатын. Бірақ өкінішке орай, қазіргі әлемде ауа, су және тамақ әлі де талай жақсартуды керек етеді. Және денсаулықты сақтау үшін көмекшілерсіз ештеңе болмайды. Мен ұзақ іздедім және таптыыыым!!! Көптеген БАҚ-тар және синтетика арасынан тап осы ОРГАНИКАНЫ таптым! Қазір мен студенттік жылдардан гөрі де салауатты сезінемін! Бірақ олай емес, өтірік айтамын. Мектеп жасымда, жасөспірім болған кездерімде, менің иммунитетім өте нашар болатын. 12 жасымда мен бронжитпен айырдым, ол кейін астмаға айналды. Мені антибиотиктерді жұтқызды, сол себептен аллергия пайда болды. Соңғы рет оны, спирулинаны жеуді бастаған кезімде ғана сезгенмін🌱 Ал әлдекім күмәнданып жүргенше, мен спирулина мен гуимндерді әрі қарай жей беремін де өз ағзамды қалпына келтіремін. Оған уақыт қажет болса да! Сіздерге айтарым: ОРГАНИКАНЫҢ оған құқығы бар! Мен үшін өнімнің пайдалы және қауіпсіз болғаны!