Бұл баға валютамен болжалды берілген, сіз теңгемен төлейтін боласыз. Төлем күні валюта бағамы басқаша болуы мүмкін.

×
Slice 1 Created with Sketch.

Тауар қоржынға салу. қосылған

Бұл баға рубльмен болжалды берілген, сіз теңгемен төлейтін боласыз. Төлем күні валюта бағамы басқаша болуы мүмкін.

×

Сұрақ-Жауап

Бұл бетте сіз төлеу, жеткізу, сондай-ақ қайтару
туралы бүкіл ақпаратты таба аласыз.

Өнім туралы

Al’gos спирулинасы кез келген басқа спирулинадан несімен ерекшеленеді?

Біздің капсулалардың құрамында бірегей композиция бар.
Біздің Спирулина - әлемдегі жалғыз тірі, капсулаланған.
Бүгінгі таңда әлемде аналогтары жоқ бірегей өнім.
Бізде Қазақстанның Ұлттық Ғылыми Медициналық Орталығымен сертификаттау және ынтымақтастық туралы меморандум бар, онда біздің дәрумендеріміз адам денсаулығына жақсы әсер етеді және олардың жанама әсерлері жоқ деп айтылады.
Сертификаттаумен сіз «Біз туралы» бөлімінде таныса аласыз. Al’gos дәрумендері үйреніп кетуді тудырмайды және олардың ұзақ жинақтаушы әсері жоқ, тіпті жаңа дайындалған салатқа толы тәрелке сияқты.

Қарсы көрсетімдер

Біздің дәрумендерде қарсы көрсетімдер жоқ, олар дәрілік заттар және ББҚ емес, бұл супер-фуд, тағамдық қоспалар.
Жалғыз қарсы көрсетімі - қандай да бір компоненттерін жеке төзбеушілік.
Ауыр аурулар кезінде емдеуші дәрігермен кеңесуді ұсынамыз.
Пікірлер қалдыратын телеграмм-арнамыз – @Algosreviews

Жанама әсері

Біздің дәрумендер жанама әсерлерді тудырмайды, бұл тағамдық қоспалар, яғни тамақ.

Оларды қабылдау - бір тәрелке салат жегенімен тең.

Жалғыз қарсы көрсетімі - бұл компоненттердің бірін жеке төзбеушілік, біздің капсулалардың толық құрамы «Тауарлар» бөлімінде бар.

Бізде Қазақстанның Ұлттық Ғылыми Медициналық Орталығымен сертификаттау және ынтымақтастық туралы меморандум бар, онда біздің дәрумендеріміз адам денсаулығына жақсы әсер етеді және олардың жанама әсерлері жоқ деп айтылады.

Сертификаттаумен сіз «Біз туралы» бөлімінде таныса аласыз.

Біздің дәрумендер үйреніп кетуді тудырмайды және олардың ұзақ жинақтаушы әсері жоқ, тіпті жаңа дайындалған салатқа толы тәрелке сияқты.

Арықтау үшін

Al'gos дәрумендері ағзаны токсиндерден, қождардан, паразиттерден тазартуға және оны дәрумендермен қанықтыруға көмектеседі.

АІЖ жұмысын жақсартады. Тазарту нәтижесінде бірнеше килограмм «кетуі» мүмкін.

Егер Сіз дұрыс тамақтануды, спортты және дәрумендерімізді бір кешенде іске қоссаңыз, арықтау тиімді болады.

Сонымен қатар Сізге денеге арналған скрабымызды және денеге арналған лимфодренаж маскамызды пайдалануға кеңес береміз.

Біздің спирулинаны тамақтанудан 40-30 минут бұрын ішуге кеңес береміз, осылай сіздің ағзаңыз қажетті дәрумендерді алатын болады, және, тиісінше, порциялар азаятын болады. Humi-ді әрқашан тамақтану кезінде немесе тамақтан кейін ішуге кеңес береміз.

Біздің өнімдерді балаларға беруге бола ма?

Біздің дәрумендердің қарсы көрсетімдері жоқ, бұл дәрілік заттар да емес, ББЗ да емес, бұл супер-фуд (тағамдық қоспалар), бірақ заттаңбада 14 жастан асқан адамдар үшін мөлшерлеу көрсетілген.
Көптеген аналар оларды балаларына өз қалауы бойынша береді.

Өндіруші

Біздің компанияның өнімдері Қазақстанда Швейцария сапасының бақылауымен өндіріледі. Бізде өз патентіміз, спирулина штаммы (сұрыпы) және Қазақстанның Ұлттық Ғылыми Медициналық Орталығымен ынтымақтастық туралы меморандум бар.

Жеңілдіктер

Бізде жеңілдіктер болмайды. Бізде бейілділік жүйесі бар.

Мөлшерлеу

Біз Спирулинаны және Humi Al’gos-ты тамақтану кезінде күніне 3 рет 2-3 капсуладан қабылдауға кеңес береміз. Бірақ бұл дәрілік емес, органикалық өнім болғандықтан, оны, күнделікті мөлшерді екі қабылдауға бөліп, күніне 2 рет ішуге болады.

Al'gos дәрумендерін тұтыну курсы

Біздің витаминдер органикалық және тағамдық қоспалар болғандықтан, оларды тұрақты негізде қабылдауға болады.
Ағзаны тазарту және оны дәрумендермен қанықтыру үшін біз Спирулина мен Humi-ді кем дегенде 3 ай ішінде қабылдауға кеңес береміз.
Ағзаны үнемі қолдап отыру үшін дәрумендерімізді тұрақты негізде қабылдауға кеңес береміз.
Біздің дәрумендер үйреніп кетуді тудырмайды және олардың ұзақ жинақтаушы әсері жоқ, тіпті жаңа дайындалған салатқа толы тәрелке сияқты.

Біздің өнімдерімізді дәрілік препараттармен немесе басқа дәрумендермен үйлестіруге бола ма?

Егер сіз ауыр дәрілік препараттарды қабылдасаңыз, біз сізге алдымен емдеуші дәрігермен кеңесуге кеңес береміз.
Егер сіз дәрумендер мен басқа тағамдық қоспаларды қабылдасаңыз, онда біздің дәрумендерді қатар қабылдауға болады, өйткені бұл органика, және ағза өзіне қанша қажет болса, сонша заттар алады.

Құрамы пайызбен

Спирулинадағы әр дәруменнің пайыздық үлесі сипаттауға келмейді, өйткені бұл табиғат жасаған органикалық өнім. Бұл белгілі бір алмада немесе алмұртта дәрумендер құрамын сипаттау сияқты қиынға соғады. Біздің капсуламыздың пайызбен өлшенген құрамы «Тауарлар» бөлімінде берілген.

Al'gos спирулинасы қайда өсіріледі?

Алматы облысында Қазақстандағы алғашқы биофабрика салынды, онда біздің Спирулина шыны-құбырлы фитобиореакторда өсіріледі. Бізде Спирулинаның өз штаммымыз (сұрыпымыз) және оны өсіру және капсулалаудың өз технологиямыз бар.

Біздің өнімдерді қалай сақтауға болады?

Біз дәрумендер мен маскаларымызды тоңазытқышта сақтауға кеңес береміз.
Қалған өнімдерді қараңғы, құрғақ жерде сақтауға кеңес береміз.
Пайдаланғаннан кейін нық жауып жүріңіз.

Жарамдылық мерзімі

Біздің дәрумендері банкасын ашпай және дұрыс температуралық режимде (тоңазытқышта) 1 жыл ішінде сақтауға болады.
Банканы ашқаннан кейін оларды 4-6 апта ішінде пайдалануға кеңес береміз.
Біздің маскалар сонымен қатар тоңазытқышта 6 айға дейін ашылмай сақталады.
Ашқаннан кейін оларды 4-5 апта ішінде пайдалануға кеңес береміз.
Sparkle құрғақ, қараңғы жерде ашылғанға дейін және ашылғаннан кейін 1 жыл сақталуы мүмкін.
Сабын, скраб және ваннаға арналған тұз кем дегенде 1 жыл сақталады.
Барлық мерзімдер заттаңбаларда көрсетілген.

Нәтижесі қашан болады?

Біздің дәрумендеріміз органикалық болғандықтан, нәтижесі сіздің ағзаңыздың қабылдағыштығына ғана байланысты болады.
Біз дәрумендерімізді кем дегенде 3 ай қабылдауға және ұйқыңызды, көңіл-күйіңізді, теріңіздің, шашыңыздың және тырнақтарыңыздың жағдайын қадағалауға кеңес береміз - дәл осылай ғана сіз өнімдеріміздің қабылдаудың нәтижелерін бағалай аласыз.

Бір банкада неше капсула бар?

Бір банкада - 70 г әсер ететін зат, бұл 3-4 апта қабылдауға жетеді. Капсулалардың нақты саны жоқ.

Биофабрика қай жерде орналасқан?

Біздің өнімнің заттаңбаларында биофабрикамыздың мекенжайы көрсетілген. Бірақ біз сізді ескертуге тиіспіз, біздің биофабрика өз санитарлық талаптары бар режимдік нысан болып табылады, ол жерге бөтен адамдарға кіруге қатаң тыйым салынады.

Биофабрикаға баруға бола ма?

Өкінішке орай, біздің биофабрика өз санитарлық талаптары бар режимдік нысан болып табылады, ол жерге бөтен адамдарға кіруге қатаң тыйым салынады.

Al'gos өнімдерін жүкті әйелдерге қабылдауға бола ма?

Егер сізде өнімге жеке төзбеушілік болмаса, біздің Al'gos Спирулинаны жүктіліктің алғашқы күндерінен бастап қабылдауға болады.
Егер сіз бұрын Humi-ді қабылдамасаңыз, оны екінші триместрден бастап қабылдауға кеңес береміз, себебі бұл детокс, ал жүктіліктің біорінші триместрі ішінде ағзаны тазартуды бастамаған дұрыс.
Instagram-дағы @algos.official ресми аккуантымызда осы мәселеге арналған жазбалар бар, ол жерде Спирулина мен Humi жүктілік кезінде қалай көмектесетіні сипатталған.

Біздің дәрумендерді емізу кезінде қабылдауға бола ма?

Егер сізде және сіздің сәбиіңізде өнімге жеке төзбеушілік болмаса, біз дәрумендерімізді емізген кезде қабылдауға кеңес береміз, өйткені ана дәрумендерді қажет етеді.
Al’gos дәрумендері сіздің ағзаңызға босанғаннан кейін тезірек қалпына келуге көмектеседі.

Тапсырыс беру

Тапсырысты қалай жасауға болады?

Тапсырыстар біздің сайтта ресімделеді, болмаса сіз біздің ресми дүкендеріміздің біреуіне келе аласыз, олардың мекенжайлары «Байланыстар» бөлімінде көрсетілген, және өнімді сол жерден сатып алуға болады (форс-мажордан/карантиннен/төтенше жағдайдан тыс).

Беру орындарында өнім сатылмайды, онда тек сайтта төленіп қойған тапсырыстар ғана беріледі.

Тапсырысыңызды алу үшін немесе дүкенге өнімді сатып алу үшін бармас бұрын, өнімнің бар-жоғы туралы ақпаратты нақтылау үшін дүкенге немесе беру орнына қоңырау шалуға кеңес береміз.

Менің қалам сайтта жоқ, қалай тапсырыс беруге болады?

Сізге сайтымызда «басқа қаланы» немесе елді таңдау және жеткізу үшін төлем жүргізу керек.

Жеткізу сайтта тапсырысқа ақы төленгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Ресми дүкен мен беру орнының (БО) айырмашылығы неде?

Ресми дүкен - бұл компанияның әрбір амбассадорының өнімге байланысты кездесулерді өткізу, немесе Al’gos компаниясының маркетинг-жоспарларын талқылау үшін кіруге рұқсаты бар орынжай.
Сонымен қатар ресми дүкенде өнімді қолма-қол ақшаға сатып алуға болады.
Беру орны (БО) - бұл сіз сайтта төленген тапсырысыңызды жеткізу үшін төлемей өздігінен алып кететін орын.

Қалалар бойынша барлық дүкендер мен беру орындары біздің сайтта «Байланыстар» бөлімінде көрсетілген.

Тапсырысыңызды алу үшін бармас бұрын, тапсырысыңыздың бар-жоғы жайлы ақпаратты нақтылау үшін дүкенге немесе беру орнына қоңырау шалуға кеңес береміз.

Жеткізу

Қалаларға жеткізу сайтта тапсырысқа ақы төленгеннен кейін ғана жүзеге асырылады, барлық шарттар біздің сайтта «Төлеу және жеткізу» бөлімінде сипатталған.
Жеткізу үшін ақша қайтарылмайды.
Сонымен қатар, егер сіздің қалаңызда беру орны бар болса (барлық беру орындары «байланыстар» бөлімінде көрсетілген), сіз сайтта төленген тапсырысыңызды жеткізу үшін ақы төлемей өз күшімен әкете аласыз.
Қала бойынша жеткізу тек ресми дүкендер бар қалаларда ғана, сондай-ақ сайтта тапсырысқа ақы төленгеннен кейін жүзеге асырылуы мүмкін.
Жеткізу бағасы "төлеу және жеткізу" бөлімінде көрсетілген.

Мен тапсырысымды беру орнын өзгерткім келеді.

Сізге өз жеке кабинетіңіз, "жеке хабарламалар" бөлімі арқылы қолдау қызметіне, барлық деректеріңізді және басқа беру орнында әкеткіңіз келетін тапсырысыңыздың деректерін көрсетіп жазу керек.

Немесе қолдау қызметіне тапсырысыңызды басқа адам әкетеді деп сұраныс жазу керек, ол үшін сол адамның аты-жөнін, ЖСН көрсету және оның жеке куәлігінің скан-көшірмесін жіберу керек.

Беру орнына бармас бұрын, ол жерге қоңырау шалып, оның жұмыс уақытын анықтаңыз, сондай-ақ тапсырыс нөмірін айтып, сіздің тапсырысыңыздың бар-жоғын тексеріңіз. Барлық байланыс деректері "Байланыстар" бөлімінде көрсетілген.

Маған маркетинг-жоспар, табыс алу, серіктестік жайлы айтып беріңізші

Маркетинг жоспарына, баллдарды санауға және есептеуге байланысты сұрақтар бойынша, сізге сізді тіркеген тәлімгерге/кураторға жүгінуіңіз керек. Егер бұл адам да біздің жүйеге жаңадан келген болса, сізге оның тәлімгеріне жүгіну керек.
Егер сіз тіркелмеген болсаңыз, сізге біз Instagram-дағы @algos.official парақшамызда жазылған амбассадорларымыздың біріне жүгіну керек, және ол сізді теркейді, өнім бойынша кеңес береді және табыс жүйесі туралы айтып береді.

Дүкенге немесе беру орнына жеткізу қашан болады?

Біз сізге дүкенге немесе беру орнына "Байланыстар" бөлімінде көрсетілген нөмір бойынша хабарласуға кеңес береміз, егер тауар жоқ болса, беру пунктінің ұстаушысы келесі жеткізілім қашан жоспарланатынын айтады.

Менде банк картасы жоқ

Өнімді біздің ресми дүкендердің бірінен сатып алуыңызға болады.
Дүкенге бармас бұрын, сізге қоңырау шалып, өнімнің бар-жоғын анықтауға кеңес береміз, барлық мекен-жайлар мен телефондар "Байланыстар" бөлімінде көрсетілген.
Немесе біреудің картасын пайдаланып біздің веб-сайттан сатып алыңыз.

Мен жеткізу ақысын төледім, бірақ өз тапсырысымды дүкеннен немесе беру пунктінен өзім әкеткім келеді

Сайтта жеткізу үшін ақша қайтарылмайды деп көрсетілген, біз сізге жеткізіліміңізді тосып алуға кеңес береміз.
Егер жеткізуді күтгіңіз келмесе, тапсырысты дүкеннен немесе тапсырысты қалыптастыру кезінде көрсетілген беру орнынан әкетуіңізге болады, бірақ жеткізу үшін төлем қайтарылмайды.

Дүкенге немесе беру орнына бармас бұрын, сізге қоңырау шалып, өнімнің бар-жоғын анықтауға кеңес береміз, барлық мекен-жайлар мен телефондар "Байланыстар" бөлімінде көрсетілген.

Менің төленген тапсырысымды басқа адам әкеткенін қалаймын.

Ол үшін сізге жеке кабинетіңіз, "жеке хабарламалар" бөлімі арқылы қолдау қызметіне тапсырысыңызды басқа адам әкетеді деп сұраныс жазу керек, ол адамның аты-жөнін, ЖСН көрсету және оның куәлігінің скан-көшірмесін жіберу керек.

Қайтару

Біздің сайтта "Төлем және жеткізу" бөлімінде "Қайтару" бөлімі бар, онда тапсырысты қайтарудың барлық шарттары мен ережелері сипатталған.

Менің бірнеше тапсырыс жасағым, бірақ осы тапсырыстардың барлығын біріктіріп, бір мекен-жайға жіберу үшін тек бір тапсырысты жеткізуге ақы төлегім келеді.

Әрбір жеке тапсырыс бөлек төленген жеткізіліммен бірге болуы тиіс. Біз тапсырыстарды қоспаймыз. Сіз әр тапсырысты жеткізуге бөлек ақы төлей аласыз немесе бір үлкен тапсырыс жасап, оны жеткізуге ақы төлей аласыз. Жеткізу үшін төлем бекітілген және сатып алынған өнімнің санына қарай өзгермейді.

Мен тапсырысқа жеткізусіз ақы төледім, бірақ маған жеткізу керек

Өкінішке орай, жеткізу үшін бөлек төлеу мүмкін емес. Сізге дүкенге немесе сіз тапсырысты қалыптастырған кезде таңдаған беру орнына келіп тапсырысыңызды әкете аласыз, немесе жеке кабинетіңіз, "жеке хабарламалар" бөлімі арқылы қолдау қызметіне тапсырысыңызды басқа адам әкетеді деп сұраныс жаза аласыз, ол адамның аты-жөнін, ЖСН көрсету және оның куәлігінің скан-көшірмесін жіберу керек.

Дүкенге немесе беру орнына бармас бұрын, сізге қоңырау шалып, өнімнің бар-жоғын анықтауға кеңес береміз, барлық мекен-жайлар мен телефондар "Байланыстар" бөлімінде көрсетілген.

Жарамсызданған өнім

Бұның солай болғаны өте өкінішті.
Сізге ақау анық көрінетін видео түсіру керек, және ақаудың фотосуретін жасау керек, оларды жеке кабинетіңіз, "жеке хабарламалар" бөлімі арқылы қолдау қызметіне тапсырысыңыздың нөмірін көрсетіп жағдайды сипаттап жіберу керек.
Егер ақау нашар көрінетін болса, сізге жарамсызданған өнімді Al’gos ресми дүкендерінің біріне диагностика жасау үшін жіберу керек.
Егер ақау расталса, сізге жаңа өнім жіберілетін болады.

Төлем туралы чек

Чектерді төлем жүйесі сіз сатып алған кезде көрсеткен пошта мекенжайына автоматты түрде жіберіледі.
Өз поштаңызды және СПАМ папкасын тексеруіңізді сұраймыз.
Сонымен қатар чек компанияның ресми дүкенінде тапсырысқа ақы төленген кезде беріледі.

Сізден өнімді көтермелеп сатып алғым келеді

Бізде көтерме бағалар жоқ, бізде сізге ақша табуға көмектесетін бейілділік жүйесі бар.
Егер жүйемізде тіркелгіңіз келсе, сізге Instagram-дағы @algos.official парақшамызға өтіп, жазылуларымызда амбассадорларымыздың бірін таңдау керек, сіздің қалаңызда тұратын және парақшасы белсенді біреуді таңдаған дұрыс.
Оған жүгініңіз, және ол сізді тіркейді де біздің жүйеге үйретеді.
Біздің ресми парақша тек бізбен бірге жұмыс істейтін және ақша табатын адамдарға ғана жазылған.

Компания менеджерлері үшін

Парақшама орналастыру үшін сіздің фотосуреттер мен мәтіндеріңізді пайдалануға бола ма?

Жеке кабинетте, "Сервис ережелері" бөліміндегі ережелермен танысуыңызды сұраймыз, мұнда комипания материалдарын пайдаланудың барлық шарттары сипатталған.

Тәлімгерді/кураторды өзгерткім келеді

Келісім-шарт бойынша кураторды тіркелген сәттен бастап 28 күн ішінде ауыстыруға болады.
Келісімшартты ауыстыру үшін жеке кабинетте "Жеке хабарламалар" бөлімінде қолдау қызметіне 3 сұраныс хат жазу қажет.

1. Менеджердің өзінен.
2. Келісім-шарт ауысатын ағымдағы куратордан.
3. Келісім-шарт ауысатын болашақ тәлімгерден.

Сұраныс хаттың форматы: Мен, менеджер/ағымдағы куратор/болашақ куратор (аты-жөні, ID нөмірі), келісімшартты (аты-жөні, ID нөмірі) құрылымнан (аты-жөні, ID нөмірі) құрылымға (аты-жөні, ID нөмірі) ауыстыруды сұраймын.
Осы барлық шарттар сақталған кезде ауыстыру келесі айдың бірінші күні ғана болады. Өтінімді өңдеу үшін жоғарыдағы барлық шарттар орындалған сәттен бастап 3 жұмыс күні қажет болатынын ескеріңіз.

Маған мен төлеген тапсырыс үшін баллдар есептелмеді.

Жеке кабинетіңізге кіріңіз (ол үшін www.algosglobal.com сайтымызға кіріп кіру үшін жоғарғы оң бұрыштағы батырманы басу керек, немесе, егер сіз кабинеттің ішінде болсаңыз, атыңызды басуыңыз керек), содан кейін "сатып алу тарихы" батырмасын басыңыз да тапсырысыңызды тексеріңіз.
Егер өз тапсырысыңызды көрмесеңіз, тапсырыс жеке кабинеттен тыс ресімделген болатын (баллдарды кабинеттен кабинетке аудармаймыз).
Егер "төленген" мәртебесі тұрса, сізге осы тапсырыс үшін баллдар есептелген деген сөз.
Егер "төлеу" немесе "болмады" мәртебесі тұрса, бірақ сізде сайтта тапсырысөа ақы төлеу кезінде көрсетілген электрондық поштаңызға жіберілген, немесе дүкенде алынған чек болса, сізге жеке кабинетте, "жеке хабарламалар" бөлімінде қолдау қызметіне жүгіну керек, және сізге көмектеседі.

Неге менің кабинетімде 0 балл, бірақ өткен айда (саны) болатын?

Жеке кабинеттегі ережелерде баллдарды есептеу және оларды әмиянға аудару бойынша барлық шарттар сипатталған, жүйе қалай жұмыс істейтінін түсінуіңіз үшін, олармен танысуыңызды сұраймыз.
Сонымен қатар, сізге баллдарды әмиянға ай сайынғы негізде аударудың барлық егжей-тегжейін айтып беретін кураторыңызға (сізді тіркеген адамға) жүгінуге кеңес береміз.

Маған табысты дұрыс есептемеді деп ойлаймын

Біздің жүйеде бәрі автоматты түрде есептеледі, бірақ компания әрдайым аккаунтыңызды жеке тексеруге дайын, ол үшін компания салыстыруы үшін сіз табысыңыз бойынша жүргізген дәл есептеулеріңізді жеке кабинетте, "жеке хабарламалар" бөлімінде қолдау қызметіне жіберсеңіз болады.

Менің менеджерімде проблема туындады

Проблема туындаған адамнан қолдау қызметіне жеке жазуды сұраңыз, өйткені компания үшінші тұлғалардың тапсырыстары бойынша ақпарат бере алмайды.

Табысымды қалай алсам болады?

Жеке кабинетте "сервис ережелері" бөлімінде өз табысын алу туралы бөлім бар. Онда шарттар мен мерзімдер сипатталған.

Сіздің компанияңызбен шарт жасасқым келеді

Жеке кабинетте "Сервис ережелері" бөлімінде компаниямен шарт жасасу үшін барлық шарттар сипатталған.

Беру орны (БО) үшін бонус маған қайда есептелетін болады?

БО үшін бонусыңызды сізге есептеу үшін сіздің ЖК бен Al’gos компаниясы арасындағы шартқа қол қоюыңыз керек.
Шарт жеке кабинетте, "сервис ережелері" бөлімінде орналасқан. Сол жерде бонусты есептеу шарттары мен мерзімдері сипатталған.

БО үшін бонус алғым келеді

Бізге Al'gos әкімшілері тексерген өткен ай бойынша толық есеп жіберіңіз, біз оны бухгалтерияға жібереміз, және, егер шарттар орындалса және сізбен шартқа қол қойылса, сізге жеке кабинетте, "БО ережелері" бөлімінде сипатталған ережелер бойынша бонус есептелетін болады.